Осыдан бұрын Трамптың алғаш рет өзінің Мемлекет қауіпсіздігі жөніндегі кеңесшісі ретінде тағайындаған Майкл Флинн, Ресейдің АҚШ-тағы ресми тұлғаларымен телефон арқылы тілдесіп, АҚШ-тың мемлекеттік құпиялықтарын талқылады деп айыпталып, жұмыстан қуылған еді. Алайда, Майкл Флинның лаңы онымен басыла қоймапты. Оның бұдан басқа да «тентектіктері» ол жұмыстан кеткеннен кейін де анықталып жатыр. 24 наурыз күні АҚШ Орталық барлау комитетінің басшысы Джеймс Вулси оның басқа да АҚШ мүддесіне қайшы қылықтарын әшкере етті.
Вулсидің мәліметіне қарағанда, өткен жылы қыркүйек айында Майкл Флинн Трампның сайлау науқаны жұмысы барысында, Нью-Йорк қаласындағы бір қонақ үйде Түркияның ресми тұлғаларымен кездескен. Кездесу барысында ол түркиялық тұлғалармен АҚШ-та тұратын «Гүленшілердің» басшысы Фетхуллах Гүленді Түркияға қайтару ісі туралы кеңескен. Флиннің хабарлаушысы бұл айыптаудан кейін бірден теріске шығарып мәлімдеме жасады. Бұл туралы News.Cn хабарлайды.
Вулси 24 наурызда танымал “The Wall Street Journal” басылымына берген сұхбатында, өткен жылы қыркүйекте Трамптың сайлау науқаны тұсында Майкл Флинн Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның күйеу баласы және Түркия сыртқы істерминистрі Мевлют Чавушоглумен кездескенін айтты. Сонымен бірге Фетхуллах Гүленді заңды түрде ұстап беру және Түркияға қайтару туралы ақылдасқан деді.
Түркия үкіметі өткен жылы шілде айында туылған төңкерістің перде артындағы ұйымдастырушысы Фетхуллах Гүлен деп тауып отыр. Гүлен болса өзінің 1999 жылдан бері АҚШ-та тұратынын көлденең тартып, бұл айыптауды терістеген болатын. Сондықтанда АҚШ-тан Гүленді Түркияға қайтарып беруді талап етеді. Алайда, аталмыш демократия мен адамдық құқықты жақтаушы Америка түрік билігінің бұл талабына тойтарыс беріп келеді. Ал Орталық барлау комитетінің бастығы Вулсидің айтысына қарағанда Флинн және бір компания Түркия жақтың талабын орындауға тырысатын болған.
«Associated Press» басылымының хабарына қарағанда, наурыз айының бас шенінде Флинн және аталмыш компания АҚШ Әділет департаментіне Гүленді қайтару туралы құжаттарды ұсынған. Сондай ақ ол жұмыс жасасқан түрік тұлғаларының компаниясынан 530 мың АҚШ доллары аударылған. Десе де, Майкл Флинның растауынсыз, оның екі елдің өкілдерімен жекелей байланыста болуы, оның Ақ үйдегі «ерекше қызметкер» екенін білдіріп тұрса керек. Орталық барлау комитетінің Майкл Флиннің сары ізіне шөп салуында да көп сырдық жатқаны анық. Ол мүмкін Ресей, Түркия ресми тұлғаларына АҚШ-та тұратын өзге күштердің мүддесі үшін байланыс орнатып жүруі де бек мүмкін. Себебі, Америка мүддесін белден басқан Майкл Флинн әлі күнге дейін Ақ үйден зілді сөз бен шараға ұшырамай келе жатыр.
“The Qazaq Times”