ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабарлауынша, «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Д.С.Жақсыбековке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүргізілген. «Жақсыбеков «ProBusineSS.kz» ЖШС директоры С.А. Панкеевтен құны 8,8 млн теңге болатын «Toyota camry» маркалы автокөлігін пара ретінде алды деп күдіктенген, аймақтарда аталған ЖШС-нің ҰБТ өткізу кезінде қызмет көрсету бойынша мүддесін қорғағаны үшін.
9 желтоқсанда Нұрсұлтан қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен Жақсыбеков пара алды деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», — делінген хабарламада. Аталған адам мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
"The Qazaq Times"


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел