Франция мен Италияның бірнеше қаласында отбасындағы зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы наразылық жүрістері өтуде. Шеруге шыққан француз әйелдері "бұндай мәліметтерді ашыққа шығаратын кез жетті" деп жар салып, үкіметтің аталған мәселеге көңіл бұруын талап еткен.
Наразылық басы "Франс Пресс" ақпараттық агенттігі таратқан отбасы әлімжеттілік әрекетінің статистикалық мәліметінен басталған. Аталған агенттік хабарында отбасы зорлық-зомбылық әрекеттерінен 3 күнде 1 әйел қаза тауып отырғанын айтқан болатын. Мәліметке қарағанда, 2017 жылы 123 адам осындай әрекеттердің құрбаны болған екен. Әрі, отбасындағы әлімжеттілік әрекетінен жыл сайын 220 мың франциялық қыз-келіншектер зардап шегіп келгені мәлім болған.
Наразылық акциясына шыққан қыз-келіншектер үкіметтің бұл үрдіске қарсы шара қолдануын талап етті. Француз үкіметі жақын арада осыған қатысты әрекеттер жасалатынын айтты. Италияның орталық қаласы Римде де осыған ұқсас наразылық шарасы өтті. Бұл елде жыл сайын 94 әйел отбасы зорлық-зомбылық әрекетіне көз жұмады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр