Марат Тәжин Қазақстанның Чехиядағы елшісі болып тағайындалды.
Ақорда хабарламасында «Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды», – делінген.
Тәжин биыл 24 наурыз бен 18 қыркүйек аралығында мемлекеттік хатшы қызметін атқарған еді.
Марат Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 1981 жылы Алматыдағы халық шаруашылық институтында «экономист» мамандығы бойынша білім алған идеолог-шенеунік бүгінгі таңда әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор. Ол Ұлыбританиядағы Лондон университетінде тәжірибе алған. 1994-1995 жылдары ҚР Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі болған.1999-2001 жылдары Президенттің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болған. 2001 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды. Марат Тәжин осыған дейін де Президент әкімшілігінің бірінші орынбасары қызметін 2002 жылдың тамыз айынан 2006 жылдың сәуір айына дейін атқарған. Сыртқы істер министрі (2007-2009) және Қазақстанның Ресейдегі елшісі (2014-2017) болған. Ол Қазақстанның идеологиялық саясатында басты рөл атқарған тұлғалардың бірі. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жобасына қатысқан.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел