Елдегі наразылық шерулерге қарамастан, Иран ауқымды әуе қорғаныс жаттығуын өткізбек. Бұндай мәлімдемені Иран Қорғаныс министрлігі таратты. Мәліметке қарағанда әуе шабуылдарына қарсы тұру қабілетін жетілдіру мақсатындағы кезекті жаттығу Парсы шығанағы мен Ормуз бұғаздарының кеңістігінде қамтиды.
Ауқымды әуе жаттығуы Иранның Симнан провинциясының Парсы шығанағы жағалауында болмақ. Аталған провинциядан 400 шақырымнан астам су үсті кеңістігінде әуе шабуылынан пәрменді қорғану жаттығулары өткізіледі.
Иран Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы Али Рыза Себахиферд мәлімдемесінде: «Кезекті жаттығуда Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазын барлау, қорғау, елдің әуе кеңістігін шабуылдан қорғау мақсатында ең қиын әрі шынайы жаттығу өткіземіз. Сондай-ақ, әскери әуе қорғаныс техникаларының барлық түрлерін пайдаланамыз», – деген.
Бұдан тыс, Иран Қорғаныс министрлігінің мәліметінде кезекті оқу-жаттығу тікелей дұшпан қаупінен қорғануға, территорияға жақын қауіпті нысандарды барлап тауып, екінші сатыда олардың көзін жоюға арналған шынайы нәтижені көздейтін жаттығу екені айтылған.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр