Брюссельде Қазақстан мен Еуропалық одақтың Сыртқы саясат өкілдері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Отандық телеарналар таратқан мәліметтерге сүйенсек, басқосу EurActiv ақпарттық-сараптамалық порталы кеңсесінде өткен. Қазақстан делегациясының басшысы Василий Романенко тараптар арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық келісімшартын ұйымға мүше елдердің бәрі бекіткенін атап өтті. Енді тек Еуроодақ кеңесінің шешімі қалды.
Шығыс серіктестік кеңесінің атқарушы директоры Самюэль Довери Вестербай: «Еуропалық одақ пен Қазақстан ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Еуроодақ озық технологияларға ие болса, Қазақстан Еуропа мен Азия үшін маңызды нарық болып саналады. Екіжақты серіктестік туралы келісімшарт ынтымақтастықты одан әрі нығайта түсетініне сенімдімін», – деді.
Еуропалық одақ – Қазақстанның ең ірі инвестициялық серіктесінің бірі. Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде ЕО-мен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге ең бірінші қол қойған болатын. Биылғы жылдың соңғы 9 айында екіжақты тауар айналымы 24 миллиард долларға жуықтаған.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?