Ұлыбританиядағы Кента Университетінің ғалымдары, GPS-навигаторды пайдалану мидың белсенділігін төмендетіп, кеңістікті игеру функциясын жояды деген тұжырымға келіп отыр. Зерттеу нәтижелері Nature Communications басылымында жарияланған.
Тәжірибе барысында 24 ерікті Лондондағы Сохо ауданының виртуалды моделінен қажетті мекенжайды табуға тиіс болған. Алдымен компьютердің көмегінсіз, кейін GPS анықтамалықты пайдалана отырып. Тәжірибе басталғанда әрбір еріктінің ми қызметі функционалдық МРТ көмегімен жіті бақыланып отырды.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, адамдар компьютердің көмегінсіз мекенжайды іздегенде ми бөліктерінде навигация мен шешім қабылдауға ықпал ететін гиппокамп мен префронтальді қыртыс белсенді жұмыс істей бастайды. Ал GPS көмегімен бақылағанда ми белсенділігі төмендеп, аталмыш бөліктер қызметі байқалмады.
Ғалымдар бұл тәжірибені қорытындылай келе, екі жағдайдың да адамдар үшін тиімді екендігін айтып өткен. Алғашқысында - ми белсенділігі артады, бұл ақыл-ойды жетілдіруге, ойлау қабілетін арттыруға жаттығу бола алады. Ал екінші жағдайда ми қызметі бәсеңдеп, басқа да маңызды шешімдер қабылдауға қажетті ресурсты үнемдеу де маңызды екендігін атап өтті.
"The Qazaq Times"

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр