Дональд Трамп АҚШ президенті қызметіне келгеннен кейін Орта Шығыстағы АҚШ-тың стратегияларын жаңартып, әскери араласуларды азайтатынын мәлімдеген. Бұл уәдесінің жалғасы ретінде Ауғанстан мен Сүриядағы америкалық әскерлерді шығарудың бірнеше қадамын да жасаған болатын. Алайда, Орта Шығыстағы әскери ықпал мәселесінде Ақ үй мен Пентагон пікір бірлігінде емес екені осы елдің Сүрия мен Ауғанстандағы әрекеттерінен көрініп отыр.
Бір күн бұрын Пентагон тарабы АҚШ Орта Шығыстағы әскери мүмкіндіктерін сақтап қалуға мүдделі екенін айтты. АҚШ армиясы орталық қолбасшылық Бас шабының генералы Марк Милли өз мәлімдемесінде Орта Шығыста АҚШ әскерлерін сақтап тұру және ондағы қауіпсіздік мүмкіндіктерін арттыру ұлттық қауіпсіздік стратегиясының талабы екенін айтты.
АҚШ әскери шендісінің мәлімдеуінше Сүрия жерінде АҚШ-тың 600-ден аса жауынгері қалады. Пентагонның айтуынша, Сүрияда қалдырылған АҚШ әскерлері елде лаңкестік топтардың қалдық күштерімен күресті жалғастыра береді.
АҚШ-тың Орта Шығыс елдерінде әскер орналастыруы Ресей, Иран секілді өңірдегі ықпалын кеңейтуді мақсат еткен елдер үшін ұнамсыз. Иран қорғаныс өкілдері АҚШ-тың Ауғанстандағы және Сүриядағыя әрекетін арандату ретінде көрсетуге тырысады. Бұл ретте Иран тарабы АҚШ-тың 2001 жылы Ауғанстанда қауіпсіздік орнатуды мақсат еткен әрекеттерінен кейін Ауғанстан жағдайының тіпті де қиындай түскенін алға тартады.