Танымал Human Rights Watch ұйымы АҚШ-тың Орталық Барлау Агенттігін (ОБА, орысша ЦРУ)* Ауғанстандағы әскери қылмыс жасады деп айыптаған. Аталған ұйымның мәлімдеуінше, ОБА-ның Ауғанстандағы әскери бөлімдері қолға түскен күдіктілерді ешқандай сотсыз, сұрақсыз атып тастаған.
Human Rights Watch ұйымының жариялаған мәлімдемесіне қарағанда, Орталық Барлау Агенттігінің Ауғанстандағы әскери бөлімдері көтерілісшілерге қарсы тұруға бағытталып құрылған. Олар күдіктілерді толық тергеусіз атып тастаған немесе кейбір күдіктілер із-түссіз жоғалып кеткен. Human Rights Watch 2017 жылдың соңынан 2019 жылдың орта шеніне дейін осыған 14 оқиғаны анықтаған.
Ауғанстандағы Орталық Барлау Агенттігінің Ауғанстанда адам құқығын бұзғаны туралы бұған дейін де БҰҰ және The New York Times басылымы жағынан да айтылып келген. Бұл мәселе туралы мәлімдеме жасаған ОБА өкілі, барлау қызметшілері барлық операциясын заң аясында атқарып жатқанын айтады. Ал, халықаралық ұйымдар мен басылымдар жағынан жасалған айыптарды терістейді. ОБА-ның пікіріне сенсек, бұл айыптар Ауғанстан үкіметін жақтаған күштерді қаралау үшін жасалған.
Халықаралық және ауғанстандық құқық қорғау ұйымдарының мәліметіне қарағанда, Орталық Барлау Агенттігі немесе сонымен байланысты әскери күштер ешқандай ескертусіз және мезгілсіз тұрғындардың үйіне басып кіріп, адамдарды көшеге қуып шығарады, рұқсатсыз тінту жүргізеді. Жараланған тәліптерген медициналық көмек көрсеткені үшін дәрігерлерге қол салған. Бұған қоса тұтқындалған күдіктілерді сұрақсыз атып тастаған.
Кейбір жағдайларда күдіктілер ұсталғаннан кейін із-түссіз жоғалып кеткен. Тосын табылған немесе анықталмаған барлау мәліметтерінде кейбір күдіктілердің қамау кезінде қандайда бір себептермен құрбандыққа шалынғаны туралы да айтылады. Бұндай жағдайлармен жергілікті тұрғындар арасында жоғалтулар соңғы екі жылда күрт көбейіп кеткен.
Орталық Барлау Агенттігі Ауғанстандағы әскери бөлімдері сол елдегі АҚШ әскери күштерінен дербес терроризмге қарсы әрекет етеді. Олар өзіне қажетті қарулы күштерді оқытып, жаттығулардан өткізіп, елдің барлық аумағында әрекет етуге бағыттайды. Бұндай әскери бөлімге көбінде ауғанстандықтар тартылған. 2017 жылы АҚШ тарабы Ауғанстандағы бұндай әскери бөлімдердің әуе күштерінің көмегін пайдалануға рұқсат берген. Нәтижесінде тұрғындар көбірек қоныстанған аймақты бомбалау операциялары көбейген.
Құқық қорғау ұйымдары Ауғанстан үкіметінен бұндай әскери бөлімдерді таратып, тергеу, тексеру жүргізуді талап етті. Ауғанстанда соғыс неше ондаған жылға жалғасты. Соңғы жылдары жағдай тіпті де шиеленісіп кетті. Былтыр Ауғанстандағы зерттеу нәтижесі бойынша әлемдегі қақтығыста қаза болғандар саны ең көп ел ретінде белгілі болған.