Германия Сыртқы істер министрі Түркия президентінің Германия канцлеріне қарсы айтылған уәждерін сынға алып, оған ескерту жасады. Бұл туралы France Press ақпарат агенттігіне сілтеме жасап “Фарс” баспасөзі хабарлады.
Германия Сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль жексенбі күні Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Германия канцлері Ангела Меркельге қарсы айтқан уәждеріне реакция білдіріп: "Режеп Тайып Ердоған сөзіне абай болып, өзінің шегін білсін",- деп, Ердоғанға «қызыл сызықтардан» асып кетпеуге кеңес берді.
Түркия президенті сенбі күні Стамбулда айтқан сөзінде Германия канцлері Ангела Меркельді нацистік тәсілдерді пайдаланады деп айыптаған болатын.
Германия мен Нидерланды үкіметтері Еуропада өмір сүретін түрік азаматтарының Түркия Конституциясына өзгерістер енгізуге байланысты референдум жайлы үгіт-насихат жүргізуге тыйым салғаннан кейін Анкара және Берлин мен Амстердам арасындағы текетірес арта түсті.
“The Qazaq Times”

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі