Еуроодаққа мүше 27 ел Ұлыбританияның Brexit жоспарын үш айға – 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін шегерді. Бұл туралы Брюссельде өткен жиында Еуропалық кеңес төрағасы Дональд Туск мәлімдеді.
«Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер бір ауыздан Ұлыбританияның Brexit жоспарын 2020 жылдың 31 қаңтарына шегеруге келісті», – деді ол. Тусктың айтуынша, алдағы күндері бұл шешімге байланысты ресми құжат бекітіледі.
Ұлыбритания ЕО-дан 2019 жылғы 29 наурызда яғни қауымдастықтан шығу туралы жазбаша хабарлама берілген соң екі жылдан кейін шығуы керек еді. Алайда Британия Парламентінің Қауымдар палатасының депутаттары Брюссель мен Үкімет қол жеткізген Brexit шарттары туралы келісімнің жобасын үш мәрте қабылдаудан бас тартты. Нәтижесінде ЕО Brexit - ті алдымен сәуір немесе мамырға, содан кейін 31 қазанға көшіруге келісті. Саяси жағдайды тығырықтан шығара алмаған бұрынғы премьер-министр Тереза Мэй отставкаға кетуге мәжбүр болды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?