Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда байланысын арттыру туралы құжат қабылданды. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.
Осы ретте Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге қол қойылды. Б.Атамқұлов сөзінде: «Арнайы хаттамада Сарытөбе және Ауқатты автомобиль өткізу пункттерінің мәртебесін екіжақтыдан «көпжақты халықаралыққа» ауыстыру ескерілген. Сонымен қатар, «Нововоскресеновка» өткізу бекетінің атауын «Сыпатай батыр» деп өзгерту көзделген. Бұл шаралар өз кезегінде Қарасу және Қордай автомобиль өткізу бекеттеріндегі көлік ағынын жеңілдетуге мүмкіндік бере отырып, Қазақстан және Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастың одан әрі дамуын жақсартады. Сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің тауар айналымына оң әсерін береді», – деп атап өтті.
Мәліметтер бойынша, қазіргі уақытта екі ел арасында 11 автомобиль өткізу бекеті бар: бесеуі – көпжақты халықаралық, ал алтауы – екіжақты. Екіжақты өткізу бекеттерінің төртеуінен өтетін адамдар мен көлік құралдарының қарқыны өте төмен болғандықтан, олар 2010 жылы жабылған. Қазір жұмыс істеп тұрған жеті өткізу бекетінен жылына 11 миллиондай адам және 466 мың көлік құралы өтуде. Сондай-ақ 2018 жылы автомобиль көлігімен жүк тасымалдау Қазақстан мен Қырғызстан арасында 43 пайызға артып, 1,7 млн тоннаға жеткен.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы