Каспий өңірінің елдері өзінің көлік инфрақұрылымы мен байланыс жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аса назар аударуы тиіс. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы алаңында өтіп жатқан екінші Каспий бизнес-фоурмында АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Джордж Кент мәлімдеді.
«АҚШ Каспий аймағын үлкен әлеует көреді және 100-ге жуық американдық компания қазіргі заманғы инфрақұрылымды құруда маңызды рөл атқарады. Біз көлік инфрақұрылымының ғана емес, коммуникация жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ұмтылуға тиіспіз», – деді ол. Сонымен қатар, Джордж Кент Каспий аймағы мәселесін реттеуде білікті, сенім білдіруге лайықты ұйымдар атсалысуы қажеттігін атап өтті.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары өңірдегі энергетикалық жобаларды табысты іске асыруға, атап айтқанда Трансадриатикалық газ құбырының маңызына тоқталды. «Бұл газ құбыры Каспий өңірінен Балқанға энергия тасымалдаушыларды жеткізуді қамтамасыз етеді және монополизациялауға тырысатын Еуропалық энергетикалық қауіпсіздікті нығайтады», – деді ол.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті