БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясында ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш әлемнің екіге бөліну қаупі бар деді.
Халықаралық ұйым басшысының айтуынша, Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы сауда соғысы дүниежүзін екі бағытта бөледі. Гутерриш сөзінде: «Себебі екі алып мемлекет жеке валютасы бар, қаржы тәртіптері бөлек, бір-біріне бақталас әлем құруы мүмкін. Геосаяси және әскери стратегиялары өзгеше бұл елдердің көп салада тартысы күшейген. Сондықтан мұндай жағдайды болдырмау үшін халықаралық құқыққа бағынған жалпыға ортақ экономиканы құру керек» — деді.
23 қыркүйектен бастап Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясы өтіп жатыр. Ауқымды шараға 114 мемлекет басшылары мен 80-нен астам елдің сыртқы істер министрлері қатысып, жаһандық мәселелерді талқылайды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы