Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина баасшысы Владимир Зеленский кездесті, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Тараптар кездесу барысында бірін-бірі өз мемлекеттеріндегі ең жоғары қызметке сайлануларымен құттықтаған. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Украинамен арадағы саяси және сауда экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін, бұл бағыттағы мүмкіндіктеріміз зор екенін айтты. Кездесу соңында екі ел басшылары өз мемлекеттеріне сапармен келуге шақырған.
23 қыркүйектен бастап Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сессиясы өтіп жатыр. Ауқымды шараға 114 мемлекет басшылары мен 80-нен астам елдің сыртқы істер министрлері қатысып, жаһандық мәселелерді талқылайды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та сессияның «Кедейлікті жою, сапалы білім беруді және климатты сақтау іс-қимылдары мен жан-жақты тәсілдерді ілгерілету үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру» тақырыбымен өтетін жалпы пікірсайысында баяндама жасады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел