Нью-Йоркте келесі жылдың 17 қыркүйегіне дейін жалғасатын БҰҰ Бас ассамблеясының кезекті 74-сессиясы басталады. Тақырыптар ғаламдық мәселелердің барлық спектрі қарастырылатын 170-тен астам мәселелерді қамтиды: аймақтық қақтығыстардан бастап, қазіргі экономикалық, экологиялық және гуманитарлық мәселелерге дейін.

Биыл 114 мемлекет көшбасшылары мен 80-нен астам елдің сыртқы істер министрлері 24-30 қыркүйек арасында БҰҰ Бас Ассамблеясының саммитіне қатысып, жаһандық мәселелерді талқыға салмақ.

Сессияның алғашқы күні БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, Нигерияның БҰҰ-дағы өкілі Тиджани Мұхаммед-Банде сөз сөйлемек. 1946 жылы Бас Ассамблеяның алғашқы сессиясында бразилиялық Луис Мартинс де Соузаның бірінші болып мәлімдеме жасауына байланысты биыл да мемлекеттерден бірінші болып Бразилия басшысы дебат жүргізеді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп екінші болып мәлімдеме жасайды.

2018 жылы қыркүйекте БҰҰ төрағалығына АҚШ сайланып, Дональд Трамп Кеңес отырысын екі рет басқарған болатын. Алдағы уақытта Ресей БҰҰ тарабымен жоғары деңгейдегі екі кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Яғни биыл БҰҰ төрағалығы Мәскеуге тапсырылуы мүмкін. Сонымен қатар, мемлекеттік басылымдардың сөзіне сенсек, биылғы кездесуге Қазақстан президені Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуы мүмкін.

Осы жылы аптаның негізгі тақырыптары ретінде мемлекеттер арасындағы қақтығыс, дипломатиялық байланыс, ядролық қару және өзге де халықаралық мәселелер талқыға салынады. Бірінші кезекте АҚШ пен Иран қарым-қатынасы ортаға салынып, екі ел басшылары Трамп мен Хасан Руханидің ресми кездесуі ұйымдастырылмақ. Жақында Рухани Теһранның Уашингтонмен келіссөздер жүргізбейтінін айтқаннан кейін, қос ел басшылары арадағы қақтығысты бетпе-бет талқылаған жоқ.

БҰҰ-да КХДР мәселесіне де ерекше назар аударылмақ. АҚШ пен КХДР диалогы аясында бірқатар сарапшылар Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның Нью-Йоркке келуі екіталай дейді. Дегенмен, сессияның екінші күні КХДР-дің зымыранды ұшыруы, ядролық келісімге арналған.

БҰҰ-дағы ең маңызды кезең екінші апта болмақ. Себебі, осы кезде жоғары деңгейдегі саяси пікірталастар жоспарланған. Сахнаға 114 мемлекеттің көшбасшылары, сондай-ақ 80-ден астам үкімет пен дипломатиялық агенттіктердің басшылары қатысады, олардың мәлімдемесі дәстүрлі түрде Бас ассамблеяның жұмысына арналған.

Жалпы саяси пікірталас аяқталғаннан кейін сессияға қатысушылар көптеген қарар жобаларын талқылауға кіріспек. Олардың арасында жыл сайын назар аударатын құжаттар бар, мысалы, нацизмді дәріптеу әрекеттеріне қарсы қарар, Палестина-Израиль келісімі туралы 16 құжат пакеті. Алайда, GA ең алдымен өз жұмысында пайда болған халықаралық проблемаларға назар аударады, сондықтан ұйым бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін тақырыптар бойынша төтенше жағдайдағы шешімдерді қарастырады.

"The Qazaq Times"