Минск, Гродно және Могилев қалаларында "арамтамақ еместердің маршы" өтті. Олар "жатып ішерлерге салық салу туралы" дектерттің күшін жойып, жиналған қаражатты қайтарып беруін талап етті. Әйтпесе олар президент пен үкіметтің отставкасын талап етеді. Бұл туралы "Орталық Азия хабар қызметі" жазды.
Бұған қоса наразы топ "акциялар кезінде ұсталғандардың барлығын босатуды" талап етті.
Маршқа жиналғандар президент Александр Лукашенконың "арамтамақтарға салық салу туралы" декреті Конституцияға және Беларусьтің халықаралық міндеттеріне қайшы келетінін мәлімдеді.
Беларусьте жаппай наразылық акциялары ақпан айынан бері өтіп келеді. Жаңа заңғай сәйкес, елдің жұмыс істемейтін әрбір азаматы қазынаға жыл сайын шамамен 200 евро төлеуі тиіс. Митингтерден соң президент Лукашенко салық төлеу мерзімін келесі жылға ауыстырды.
«The Qazaq Times»


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды