Климат өзгерісі жай көзге де анық байқалып жатыр. Әр өңірде жасаған халықтар өздерінің мекеніндегі ауа-райының пеиодынан жаңылып қалды. Табиғаттың жауын-шашыны, қуаңшылық немесе ажал үйірген құйынды дауылдар күтпеген кезде келіп, миллиондаған, тіпті миллиардтаған адамдардың өмірін өзгертуде.
Биыл табиғаттағы өзгерістер тіпті де анық байқалған жаз болды. Еуропада аптап ыстық рекордтық деңгейге дейін жетсе, Америка құрлығындағылар мезгілсіз дауылдан зардап шегуде. Оңтүстік-шығыс азиялықтар су тасқынынан және жер сілкінісінен шығынға ұшырап жатыр. Осының бәрі әрине табиғаттың бізге көрсеткен қаталдығынан емес, керісінше адамзаттың өз істеген істерінің қайтарымы, жауабы қатырында болып жатыр. Себебі, адамзат қоғамының өндірісі, қимылы табиғатты ауыр дәрежеде ластады және Жер анаға жазылмастай жара салды. Енді міне адамдар осы бір Жер ананың қаһарына тап боламыз ба деген үрейдің ішіне сүңгіп барады.
Жақында Үйлестіру және адаптация жөніндегі халықаралық комиссия климаттың өзгерісіне қарсы әрекеттердің нәтижелі болуы үшін 1,8 триллион доллар көлеміндегі қаражат керек екенін есептеп шықты. Әлемдегі алдынғы экономикаға ие бай-қуатты елдер аталған сомадағы қаражат бөлгенде ғана жаһандық жылынудың бұдан да көп зардаптар әкелуінің алдын алуға болады.
Аталған комиссияның есебінше, бұл қаражаттар азық-түліктерді қорғау және климаттың жылынуынан болатын теңіз деңгейінің көтерілуінен зардап шегетін теңіз жағалауларындағы ірі қалаларды қорғап қалуға жұмсалуы тиіс.
Қандай негізгі салаларға жұмасалады:
1. Дауыл мен аптап ыстықты, ауа-райының өзгерісінен алдын ала мәлімет беру технологиясын дамытуға;
2. Ауыл шаруашылығын дамытып, азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға;
3. Су ресурстарын қорғауға;
4. Ірі қалаларды климаттың өзгерісіне барынша бейімдеуге; (Айталық, қала температурасының жоғарылауына қарсы шаралар – ғимарат пен үйлердің шатырларын ақ түске сырлау; лаз газдар бөлетін зауыттарды өзгерту; ауа ластаушы көліктерді қысқарту, т.б.).
Халықаралық комиссияның мәлімдеуінше, тез арада қаржы мен жүйелі шаралар жасалса климаттың өзгерісінен болатын 6,3 триллион доллар көлемінде эконологиялық, экономикалық және әлеуметтік шығындардың алдын алуға болады.