Politico басылымы Ұлыбританияның Қауымдар палатасы премьер-министр Борис Джонсонның Еуропалық одақ құрамынан келісімсіз шығу туралы шешімін мақұлдаған жоқ деп хабарлады.
Сонымен қатар, Джонсонның елде кезектен тыс парламенттік сайлау өткізу туралы ұсынысы да кері қайтарылған. Оппозициялық топ өкілдері қол қойған құжатта 293 адам кезектен тыс сайлаудың өткізілмеуін қолдап дауыс берсе, 46-сы қарсы болған. Осыған байланысты британ патшайымы одақ құрамынан келісімсіз шығуға тыйым салатын құжатқа қол қойды.
Жиналыстан кейін журналистерге сұхбат берген ел премьері: «Қайтадан кері қайтарды. Оппозиция барлық жағдайды жақсы білеміз деп санайды. Қалай дегенмен 31 қазанда Ұлыбритания Еуроодақтан шығуы тиіс», – деді.
Оппозиция лидері Джереми Корбин елде кезектен тыс парламенттік сайлауға еш дайындықтың жоқтығын және үкімет саяси бағытын өзгертпеген жағдайда, Біріккен Корольдік тығырыққа тірелетінін ескертіп отыр. Тараптар ортақ келісімге келе алмаған жағдайда, Ұлыбританияның ЕО құрамынан кету жоспары қайтадан кейінге шегерілмек.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр