Ресей Жапонияның арал дауына қатысты наразылығына жауап берді.

Осы аптада халықаралық экономикалық форумда Кремль Курилге тиесілі Шикотан аралында зауыт салынатыны туралы хабарлаған болатын. Артынша Жапония министрлер кабинетінің төрағасы Есихидзе Суга жапон халқының, үкіметінің бұл шешімге наразы екендігін айтты.

Бұған жауап ретінде Жапониядағы Ресей елшілігі таратқан ресми мәлімдемеде: «Курил аралдары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ресейге тиесілі болды. Сол себепті, біз өз жоспарларымызды қалауымша жүзеге асырамыз. Осыны біздің әріптес-мемлекет жете ұғынса екен дейміз», – делінген.

Екі ел арасындағы арал дауы әлі күнге дейін оңтайлы шешім тапқан жоқ. 2 тамызда Курил аралдарына ресейлік шенділер басқару тобымен барғаннан кейін, Жапония Сыртқы істер министрлігі Мәскеуге наразылық хатын жолдаған болатын. Бұған қатысты пікір білдірген Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев: «Жапон халқының наразылығы біздің еш алаңдаушылығымызды туғызбайды. Курил аралдары Ресей жеріне тиесілі. Аралдар Сахалин облысына кіреді. Сол себепті ресейліктердің ол жаққа баруға толықтай құқығы бар», – деді.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен Ресей президенті Владимир Путин арал мәселесіне қатысты 2012 жылдан бері бірнеше кездесу ұйымдастырған. Алайда, тараптар ортақ мәмілеге келе алмады.

"The Qazaq Times"