Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысына журналистер қатыстырылмады. БАҚ сырттағы монитордан хабар таратуға мәжбүр болды.
Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бірінші отырысы болып өтті. Ақорда Баспасөз қызметі сағат 11:00 шамасында твиттер желісіндегі ресми парақшасында «Мақсат – елдегі ең өзекті қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқылау. Шараға Кеңес мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысып жатыр» деп хабарлады. Сөйте тұра жиынға қатыстырылады деп күтілген журналист-тілшілер залға кіргізілмей, екі сағат бойы тек бақылау бөліміндегі монитор арқылы хабар таратуға мәжбүр болған.
Шараның тікелей эфирдегі көрсетілімін көрермендер тек Азаттық радиосының сайты мен әлеуметтік желідегі парақшасынан қарады.

Ұлттық кеңес отырысы туралы Азаттық радиосы бақылау мониторынан тікелей эфир берді. 6 қыркүйек 2019 жыл. Фото: Азаттық сайтынан скриншот


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел