Вице-премьер Қытай зауыттарына байланысты түсініктеме берді.
Премьер-министр орынбасары Жеңіс Қасымбек Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз мәслихатында Қытаймен бірескен 55 жобаға қатысты түсініктеме берді. Оның сөзінше, қазіргі уақытта 55 жобаның 15-і іске қосылып, 20 жоба аяқталуға жақын. Іске қосылған жобалардың басым көпшілігінде қазақстандықтар жұмыс істеуде.
«55 жобаның ішінде 3,9 миллиард долларға бағаланған 15 жоба металлургия, химия, мұнай-газ, ауыл шаруашылығы, көлік, логистика салалары бойынша іске қосылды. Бұл жобалар аясында 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Қызметке тұрғандардың 95 пайызы қазақстандықтар» - деді Қасымбек.
Вице-премьердің айтуынша, ел билігі осы жобалардың аясында 20 мыңға дейін жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр және Қазақстан аумағына басқа бір елден ешқандай ескі зауыттар әуелінбейді.
Қазақстан аумағында Қытай инвестициясына 55 кәсіпорын салуға байланысты қарсылық акциясы қыркүйек айының 2-і күні Жаңаөзен қаласында басталған. Кейіннен қарсылық шаралары Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Шымкент қалаларында жалғасты.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?