Еуропалық одақ өкілдері Ұлыбританияның Brexit келісіміне қатысты ресми мәлімдеме жасап, одаққа мүше елдермен жаңа экономикалық жоспар құру туралы шешімге келді.
Біріккен Корольдік ЕО-да шыққан жағдайда, қалған 27 мемлекетке 780 миллион еуро қаржы беретіні айылды. Еуроодақтың Brexit келісімі жөніндегі негізгі мәмілегері Мишель Барнье Лондон қандай шешімге келсе де, Брюссель қолдау көрсететінін және қиындықтарға тап болмайтынын айтты.
Осы аптада Ұлыбритания парламенті премьер-министр Борис Джонсоннан Brexit келісімінен бас тартып, Еуропалық одақпен байланысты қайта жандандыруды талап еткен болатын. Дегенмен, Британия үкіметі парламент жұмысын 14 қазанға дейін уақытша тоқтатты.
3 қыркүйекте Қауымдар палатасы Парламенттің күн тәртібін анықтау құқығын алып тастау туралы шешімге келді. Егер парламент дегеніне жетсе, Лондон мен Брюссель дипломатиялық қарым-қатынастың жаңа кезеңіне қадам басады. Ал Қауымдар палатасы бекіткен құжат қабылданбаған жағдайда, Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан 31 қазанда шығады.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау