Ұлыбритания парламенті премьер-министр Борис Джонсоннан Brexit келісімінен бас тартып, Еуропалық одақпен байланысты қайта жандандыруды талап етіп отыр.
3 қыркүйек кешкі уақытта Қауымдар палатасы Парламенттің күн тәртібін анықтау құқығын алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұған 328 парламент мүшелерінің 301-і дауыс берген. Премьерге және Brexit-ке қарсылық негізінде қабылданған шешім бүгін Парламентте қаралмақ. Құжат мақұлданған жағдайда, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу туралы келісімі жүзеге аспай қалуы мүмкін.
Біріккен Корольдік тарихында парламенттің билікке қарсы қол жинауы, заңдық негізде қиындықтырға ұшырауы саяси келеңсіздіктердің ең ірісі деуге әбден болады. Жаңадан сайланған премьер-министр Борис Джонсон Солтүстік Ирландиямен шекара мәселесін ретке келтірмек болғанда, парламентпен арада орын алған дау-дамай Brexit-тің тағдырына нүкте қоймақ. Егер парламент дегеніне жетсе, Лондон мен Брюссель дипломатиялық қарым-қатынастың жаңа кезеңіне қадам басады. Ал Қауымдар палатасы бекіткен құжат қабылданбаған жағдайда, Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан 31 қазанда шығады. Егер тараптар ортақ келісімге келе алмаса, елде кезектен тыс сайлау өткізіледі, дейді британиялық ВВС агенттігі.