Қалалық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков және онымен еріп келген прокурор таңғы 10-нан бері «Қытай экспансиясына қарсы» әрі «Саяси тұтқындарды босату» туралы талаптар бойынша әкімдік алдында тұрған көпшіліктің тарауын сұрап, «заңға қайшы» жиынға ескерту жасады.
Бостандық ауданының прокурорының міндетін атқарушы Бауыржан Молдажанов тарамайтынын және Тоқаев бейбіт жиынға рұқсат бергенін айтқан наразыларға қарата «Біз сіздерді тыңдадық. Бір-бірімізді тыңдайық. Сіздердің іс-әрекеттеріңіз дұрыс емес, заңға қайшы болып тұр», – деді. Жиналған белсенділер Конституциялық құқығы барын алға тартқанына қарамастан прокурор «рұқсат етілген» бейбіт шеру тәртібін бұзғанын мәлімдеді. «Біздікі заңсыз емес», «Сендер қашан рұқсат беріп едіңдер», «Диктатуралық түсіндірме», «Қамасаңдар қамаңдар, тарамаймыз» деген азаматтар өздерінің барынша бейбіт бағытты ұстанатын айтып, «Бостандық!» деп ұрандатып айқайлады.
Естеріңізге сала кетейік, қытайлық біріккен 55 жобаның Қазақстанда салынуына қарсы наразылық акциялары тамыздың соңындағы жекелеген пикеттерден кейін күш алып үш күннен бері шеру жүріп жатқан Жаңаөзен жұртының бастамасымен бүгін өзге 9 қалада жалғасын тапты. Бұқаралық сипат алған эстафеталық наразылық акциялары астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Қарағанды, Көкшетау, Тараз қалаларында әртүрлі көлемде көрініс берді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел