Ресей президенті Владимир Путин ресми іссапармен Моңғолияға барды.

Қыркүйек айының 2-і күні Владимир Путин Ұлан-Батырға сапарлай барды. Ресей президентін күтіп алу шараларының негізгі бөлігі 3-ші қыркүйек күні болады деп күтілуде. Іссапар барысында Кремль қожайыны моңғолиялық әріптесі Халтмаагийн Баттулгамен кездесіп, достық және стратегиялық әріптестік жөніндегі бірқатар құжаттарға қол қояды.

Естеріңізге салайық, тамыз айында Моғолия президенті Халтмаагийн Баттулга АҚШ-қа ресми іссапармен барған. Онда ол президент Дональд Трамппен кездесіп, Уашингтонмен стратегиялық әріптестік орнатқан.

Сарапшылар пікірінше, Владимир Путиннің Моңғолияға жасаған бұл жолғы сапары Ресейдің сыртқы саясаттағы негізгі бағыттарының бірі Азия елдері екендігін көрсету. Себебі Мәскеудің біріккен еуразиялық кеңістік құру жоспарында Моңғолияның алатын орны ерекше. Ал ресми Ұлан-Батыр үшін Ресей күн санап күшейіп келе жатқан Қытайға қарсы тепе-теңдікті ұстап тұрудың бірден бір жолы.

"The Qazaq Times"