Түркия Ресейдің Су-57 ұшақтарын сатып алуы мүмкін.
CNN Turk телеарнасының мәліметінше, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Су-57 ұшағын сатып алуға қызығушылық танытқан. Ол «МАКС-2019» әуесалонында журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Біз бұл жерге жайдан-жай келген жоқпыз. Бірақ нақты шешім АҚШ президентімен сөйлесіп, Түркияның F-35 ұшақ жобасына қатысты Уашингтон ұстанымын білгеннен кейін қабылданады» - деп мәлімдеген.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Режеп Тайып Ердоғанға МАКС-2019 көрмесінде Су-57 ұшағын көрсетіп, тараптар ұшақты сатып алуға байланысты әңгіме қозғаған.
Осыдан біраз уақыт бұрын Петагон басшысы Марк Эспер «Түркия Американың F-35 ұшақтарын Ресейдің С-400 зымыран жүйелерінен толықтай бас тартқан кезде ғана сатып ала алады» деп мәлімдеген. Бірақ ресми Анкара С-400 әуе қорғаныс жүйесінен бас тартпайтынын айтқан.


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?