Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Нидерланд (Голландия) басшылығын сыртқы істер министрі Мевлут Чавушоглуның  ұшағын қондыруға рұқсат бермегені үшін "ұлтшылдар" және фашистер деп кінә тақты. 

Ердоған: "Сендер біздің министрді кіргізбесеңдер, кіргізбей-ақ қойыңдар, бірақ сендердің ұшақтарың енді Түркияға қалай кіретінін көретін боламыз" - деп, наразылығын білдірді.

Мевлут Чавушоглу Роттердамға сенбіде  Нидерландыда тұрып жатқан түріктердің  16 сәуірде Конституцияға өзгерістер  енгізу жөніндегі рефендумға байланысты шеруін қолдау үшін бармақшы болған.

Бірақ Роттердамның мэрі түріктердің шеруге шығуына тиым салып және Түркия сыртқы істер министрінің бұл шеруге қатысуына да рұқсат бермеген болатын.

Министр мэрдің бұл шешімі  үшін қатаң санкция жариялап, жауап қайтаратындығын жеткізді.

Ал Нидерланд басшылығы: "Бұл шеру - қоғамдық тәртіптің бұзылуына алып келіп, тұрғындар зардап шегуі мүмкін" - деген, қауіппен тоқтатылғандығын жеткізді.

"Түркия ресми түрде санкция жариялайтындығын мәлімдеді. Соған байланысты бұл мәселенің бейбіт шешімі табылмайтын секілді" - деген болатын.

Сәуірде Түркияда ел Конституциясына өзгерістер енгізіліп, Президенттік басқарудағы мемлекетке айналу мәселесі бойынша референдум өтпек. 

Ердоған ел билігіне бұндай өзгеріс қажет екендігін президент болып сайланбастан бұрын, екі жыл бұрын айтқан болатын. 

Ал бұл өзгерістерді жақтап отырмағандар, бар билік тек бір ғана адамның қолында кетіп қалуына қарсылық білдіруде. 

«The Qazaq Times»