Сингапур әлемде халық саны тез қарқынмен өсіп жатқан мемлекеттердің бірі. Алайда, Сингапурдағы демографиялық зерттеу нәтижесіне қарағанда Сингапур халқы қарттану қаупінде тұр. Көп өтпей елдегі қарттардың саны 5 млн адамға жетеді. Осыған байланысты елдегі еңбек жасы 62 жастан 67-ге дейін ұзартылған. 

Соңғы жылдары Сингапурдағы көптеген жұмыс орындарында қарт жұмыскерлер саны да көбейді. Кейбір сингапурлықтар 70 жастан асса да кафе немесе мейрамханаларда даяшы болып жұмыс істей береді. Жастардың басым көбі кеңселерде отырып жұмыс істеуді жақсы көретіндіктен, әрдайым жұмыскерлерге мұқтаж фермалар қарт жұмыскерлерді көптеп қабылдауға мәжбүр болған. Бұндай жағдай алдағы уақытта халық саны қарттанған барлық мемлекеттерде болуы мүмкін дейді мамандар.

Сингапурда қарттар саны тез қарқынмен көбейіп келеді. 2008 жылы жасы 65 жастан асқандардың саны ел халқының 15,5 пайыз болса, он жылдан кейін, яғни 2018 жылы бірден он пайызға, 26,8 пайызға дейін артып кеткен.

Сингапурдағы қарт даяшы. Фото: FRI.com

Әрине, экономикасы дамыған Сингапурда зейнетақы қамтамасыз етілген. Бірақ, ол қарттардың тек негізгі керек-жарақтарына ғана жетеді. Сондықтан жақсырақ өмір сүргісі келетін қарттарға жұмыс істеуге жол ашық. Оның үстіне KFC, Mc'Donalds, Burger King, Pissa  қатарлы желілес фирмалар қарт жұмыскерлерді қабылдауға ынталы. Олар жұмысқа уақытымен келіп, мұқият жұмыс істейді деп қарайды.

Демографтардың пікіріне сенсек, бұл әлемдік тенденцияға айналады. Аладағы уақытта адамдардың ұзақ жасау орташа жасы барған сайын жоғарлап, қоғамда қарт жұмыскерлерді көптеп кездестіру қалыпты құбылысқа айналмақ.

“The Qazaq Times”