Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде сапарда жүрген АҚШ вице-президенті Камала Харрис Оңтүстік Қытай теңізінденгі Бейжіңнің әрекеттерін айыптады. Ол Сингапурда жасаған мәлімдемесінде Қытайдың әрекетін агрессия қатарында сынға алды және «қауіпті әрекет» деп бағалады.

АҚШ пен Қытайдың Үнді-Тынық мұхит аймағындағы стратегиялық бәсекелестік қатынасының күшеюіне байланысты Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде Уашингтон мен Бейжіңнің дипломатиялық жүрістері барған сайын қыза түсті. Аймақтағы бірқатар елдерге ресми сапарда жүрген Камала Харис Сигапурда Қытайдың саясатын сынаған мәлімдеме жасады.

Харистің Оңтүстік Шығыс Азия сапарының жоспары сәт сайын өзгеріп жатқаны ақпарат құралдарының назарын аударды. Вьетнамға межелі уақытынан 3 сағатқа кешігіп барған Харрис Сингапурда маңызды кездесулердің уақытың ұзартқан.

Аймақ елдерін Қытайдың агрессиялық әрекеттеріне қарсы біріктіру, Құрама Штаттардың аймақтағы дипломатиялық қадамдарын алға жылжыту, аймақтағы түрлі трансшекаралық мәселелерді қарастыру Харрис сапарының басты мақсаты. Сондықтан да ол өзі барған әр сапар аялдамаларында аймақ елдерін Құрама Штаттардың белсене қолдайтынын айтумен болды.

The Qazaq Times