Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем соңғы рет 1945 жылы өткерген ең ауқымды гуманитарлық дағдарыстың келе жатқандығын ескертті деп хабарлайды bbc.com. БҰҰ-ның мәлімдемесіне сәйкес, Йемен, Оңтүстік Судан, Сомали және Нигерия елдеріндегі 20 миллионнан астам халыққа аштық қаупі төніп тұр.
БҰҰ гуманитарлық мәселелер бойынша бас хатшысы Стивен О'Брайен: "Егер дереу алдын алу шараларын ұйымдастырылмаса, бұл елдердегі жағыдай мүлде нашарлап кетуі мүмкін. Жаһандық ауқымдағы ұжымдық және келісілген түрде дереу әрекетке көшу керек. Тұрғындар аштықтан ажал аузында тұр" - деп отыр.
Бас хатшының айтуынша, осы жылдың шілде айына таман, аталмыш елдерге 4,4 млрд доллар қаржыға гуманитарлық көмек жеткізу қажет.
Ұйымның төрағасы: " БҰҰ құрылғалы бергі ең қиын кезең орнады. Бұндай дағдарыс соңғы 72 жылда алғаш қайталанып отыр" - деген болатын. .
Сомали, Йемен және Оңтүстік Судандағы жағыдай соңғы жылдардағы жаппай соғыс қимыладарының салдарынан нашарлап кеткен. Ал Нигериядағы ахуал радикалды діни топтардың қақтығысуынан болып отыр.
Қаңтар айында ұйым өкілдері Йемендегі соғыс жақын арада халықтың жаппай аштыққа ұшырауына алып келуі мүмкін екенін айтқан болатын. Қазірдің өзінде Йемендегі 10 миллиондай халық азық-түлік жетіспеушілігінен зардап шегуде, оның 2 миллионы балалар.

Фото: rbc.ua
Йемен, Сомали, Оңтүстік Судан және Нигерия халқы аштықтан зардап шегуде
Ал БҰҰ-ның арнайы бағдарламасының зерттеу нәтижелелеріне сәйкес, бүгіннің өзінде 100 мыңдай адамға аштықтан өлім қаупі төніп тұр.
«The Qazaq Times»

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?