АҚШ президенті Дональд Трамп Техас және Огайо штаттарында орын алған атысқа қатысты мәлімдеме жасады.
Трамп атысты ұйымдастырушыларды «психикалық ауытқуы бар адамдар» деп атады. Сонымен қатар, тергеу жұмыстары Ақ үйдің қатаң қадағалауымен өткізіліп жатқанын айтты. Politico басылымының хабарлауынша, Конгрессте республикалықтар мен демократтар Америкадағы қару-жарақты қолданудың жаңа ережелерін бекітіп, арнайы шектеулер енгізуді ұсынған. Қазіргі уақытта бұл ұсыныс қаралып жатыр.
3 тамызда АҚШ-тың Техас штатында болған атыс кезінде кемінде 20 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған. Ертесіне Огайо штатындағы Дейтон қаласында тағы да атыс болды. Белгісіз біреу жұртқа оқ жаудырып, кемінде 9 адам қаза тапты. АҚШ үкіметі бұл екі оқиғаны жек көру сипатындағы қылмыс ретінде таныды. Себебі, Эль-Пасодағы атысты ұйымдастырушы 21 жастағы Патрик Крузиус ғаламторда нәсілшілдік сипаттағы жазбалар жариялап, мигранттарға қарсы манифест ұйымдастырған. Сондай-ақ ол Жаңа Зеландиядағы Крайстчерчте мешітте болған атысты қолдайтындығын ашық жеткізген.
Құрама Штаттарында орын алған қайғылы жағдайдан кейін елдің туы әлем бойынша 8 тамызға дейін түсірілді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді