Гавайи штаты Дональд Трамп халқының басым бөлігі ислам дінін ұстанушы алты елдің азаматтарына АҚШ-қа келуге тыйым салған шешіміне наразылық білдіріп, сотқа берді деп хабарлайды bbc.com. Гавайи - Трамптың қайта қабылдаған миграциялық жарлығына ашық түрде қарсы шыққан алғашқы штат. Ал Трамптың жеті мұсылман елдері азаматтарына елге кіруге тыйым салған алғашқы жарлығы Сиэтл сотының үкімімен күшін жойған болатын .
Гонолулудың федералды сотына жазылған арыз бойынша, Трамптың бұл шешімінен штаттың мұсылман тұрғындары зардап шегіп, өңірдегі туристер мен шетелдік студенттердің келуі күрт азайып кетуі мүмукін. Бұл шешімнің салдарынан аймақтың экономикалық жағдайына да қауіп төніп тұр.
Штаттың бас прокуроры Даг Чин: "Гавайи - өзінің жарты ғасырдан астам тарихында нәсілдік кемсітушілік пен ұлт араздығына қарсы тұрып келе жатқан ерекше штат" - деп, пікірін білдірді.
Сонымен қоса, штат тұрғындарының 20 пайыздан астамы шет елде туылған, 100 мыңдай тұрғында АҚШ азаматтығы жоқ, ал өңірдегі 20 пайыз жұмыс күші - шет елдік азаматтар болып келеді.
Бұл іс бойынша алғашқы сот отырысы 15 наурыз күні өткізілмек. Ал Иран, Йемен, Ливия, Сүрия, Сомали және Судан мемлекеттерінің тұрғындарын 90күнге Америка аймағына келуге тыйым салатын Дональд Трамптың жарлығы 16 наурыз күні күшіне енеді деп жоспарланған болатын.
"The Qazaq Times"