Беларусь елінде парламент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды.
Беларусь президенті Александр Лукашенко мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауының уақытын белгіледі. Мемлекет башысының жарлығы бойынша, Республикалық Кеңес сайлауы қараша айының 7-і күні, ал Ұлттық Кеңес өкілдерінің сайлауы 17-і күні өтетін болды.
Беларусь елінде кезектен тыс парламент сайлауының биыл өтетіндігі сәуір айында белгілі болған. Бұл жөнінде Александр Лукашкено халыққа жолдауында мәлімдеген. Қазіргі парламенттің мерзімі заң бойынша 2020 жылы аяқталуы тиіс. Дәл осы жылы президенттің де мерзімі аяқталады. Бұған дейінгі парламент сайлауы 2016 жылы күзде болған.
Айта кететін бір жайт, Қазақстанда да соңғы уақыттары журналистер мен сарапшалар арасында кезектен тыс парламент сайлауы жөнінде қызу талқылаулар жүруде. Жақында экс-президент, «НұрОтан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылап, партияға «перезагрузка» жасау қажеттігін айтып, алда келе жатқан парламент сайлауы жөнінде әңгіме қозғады. Сарапшылар пікірінше, кезектен тыс парламент сайлауы биыл күзде немесе 2020 жылдаң қаңтар-ақпан айларында өтуі мүмкін.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды