Париж бен Берлин бейбіт оппозициялық митингтерге жауап ретінде биліктің күш қолдануын сынға алды.
Франция мен Германия жексенбі күні билік тарапынан тыйым салынған наразылық акциясын күшпен таратқан Ресей полициясының қатаң әрекеттерін айыптады, нәтижесінде жүздеген адам ұсталған.
Қыркүйек айында өтетін Мәскеу қалалық думасына сайлауына қатысуға оппозициялық кандидаттардың жіберілмеуіне қарсы екінші акциядан кейін билік реакциясын Париж «артық күш қолдану» ретінде сынады. 45 орындық Мәскеу қалалық думасының заң жобасын әзірлеу-ұсынудан бастап, 43 миллиард долларлық астана бюджетінің жұмсалуын бақылауға құзіретті.
Берлин 3 тамыздағы полиция іс-әрекеті Ресейдің халықаралық міндеттемелерін «бұзады» және елдегі сайлау құқығының шынайылығына нұқсан келтіреді деп мәлімдеді.
Сенбі күнгі ұстаулар мен қамауларды Герман үкіметі Мәскеудегі қалалық сайлауға «тәуелсіз кандидаттардың жіберілмеуіне қарсы наразылықтардың бейбіт сипатына мүлдем қайшы» екенін мәлімдеді.
Көптеген азаматтар биліктің Мәсмемдумадағы сайлауға қатысуға оппозициялық кандидаттарды жіберуден бас тартуына қарсы наразылық ретінде Ресей астанасының орталығындағы гүлзарларда «серуенге» шыққан, осыған байланысты «жергілікті маңызы бар мәселе саяси дағдарысқа айналды» деп хабарлайды Agence France-Presse ақпарат агенттігі. Полиция мәлімдемесі бойынша, демонстрацияға бір жарым мың адам қатысқан.
AFP тілшілері шеру жолында ондаған тұтқындау фактілерінің куәсі болған. Полиция қызметкерлері шептік тізбектер құрып, адамдарды еш түсіндірусіз ұстаған.
Франция СІМ өкілі Париж «бейбіт шерулер мен еркін әрі ашық сайлауға қатысуды қоса алғанда, пікір білдірудің барлық формаларына бостандық берілуін талап етеді» деп мәлімдеді. Франция «Ресейді соңғы күндері қамауға алынған адамдарды дереу босатуға және ЕҚЫҰ мен Еуропа Кеңесінің мүшесі ретінде өз міндеттемелерін сақтауға шақырады», – делінген мәлімдемеде.
Берлин мен Париждің жексенбілік мәлімдемелерінде Кремльді 27 шілде күнгі өткен акция барысында ұсталған 1400-дей өзге наразыларды босатуға шақырды.
Наразылық қызметіне тәуелсіз мониторинг жүргізетін «ОВД-Инфо» сайтының деректері бойынша, сенбіде өткен соңғы наразылық акциясы кезінде Мәскеуде 1001 адам ұсталған.
golos-ameriki.ru жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, мемлекеттік токсикологиялық зертхана уландырғыш заттардың ізін таппаған. Ұсталған оппозицияның көшбасшысы Алексей Навальдың серіктесі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қорының заңгері Любовь Соболь қайта тұтқындалды.
Мәскеудегі жағдайға байланысты президент Владимир Путин әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.