Түркия Сүрия аумағында әскери операция жүргізбек.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сүрия аумағында ауқымды әскери операция жүргізетіндігін мәлімдеді.

«Біз Африн, Джераблус, әл-Бабқа кіргендей Ефрат өзенінің шығысынан кіреміз. Бұл жөнінде АҚШ пен Ресейге ескерттік. Бізге шабуыл жасағанын күтіп, тыныштық сақтап отыра алмаймыз» - деді Ердоған.

Бұған дейін Анкара «егер АҚШ Ефрат пен Манбидж аумағындағы Сүрия күрттерін алып кетпесе, оларға қарсы әскери операция жүргізуге дайын екендігін» мәлімдеген. 2018 жылдың желтоқсанында Режеп Тайып Ердоған АҚШ презизенті Дональд Трампен телефон арқылы сөйлесіп, әскери операция кейінге қалдырылған. Ал Ақ үй әкімшілігі Сүрия аумағынан әскерлерін шығаратын болған.

"The Qazaq Times"