Былтыр дәстүрлі Қазақстан президенті кубогы өткен. Сол ойында хоккейші Дамир Рыспаев қытайлық қарсыластарынан бірнеше спортшымен төбелесіп қалған.
Осы «тәртіпсіздігі» үшін Құрлықтық хоккей лигасы мен Халықаралық хоккей федерациясы Дамирдың матчтарға қатысуына шектеу қойған. Артынан оған мерзімі шектелген жаза тағайындады. Бұл – лига тарихындағы тұңғыш жаза болып саналады.
Осыған орай, БАҚ-қа сұхбат берген хоккейші егер ҚХЛ өзіне қолданған осы жазаны өзгертпейтін болса, Солтүстік Америкаға көшіп кететінін айтты.
Құрамадағы ойындардан шеттетілген ол, Алматыда өткен Универсиада кезінде де өнер көрсете алмаған болатын.
“The Qazaq Times”