КСРО құрамында өнер көрсетіп, екі дүркін Олимпиада, тоғыз дүркін әлем чемпионы атанған Владимир Петров 70 жасқа келген шағында дүниеден өтті деп мәлімдеді Ресейдің хоккей Федерациясының өкілдері.
Владимир Петров атағы әлемге жайылған «керемет үштіктің» құрамында Борис Михайлов және Валерий Харламовтармен бірге ойнаған. Бұл «үштікті» әлі күнге дейін әлемдік хоккей тарихындағы ең үздік ойыншылар деп біледі.

Фото: Р-Спорт
КСРО-ның басты құрамасында шабуылдаушы позициясында ойын өрнегін көрсеткен тұста команда әлемдік бәсекелестіктерде бірнеше мәрте топ жарған. Ішкі чемпионаттарда 553 мәрте ойнап, 370 шайба кіргізген.
Аталмыш «керемет үштіктің» құрамында Петров 11 жыл ойнап, Анатолий Тарасовтың тренер ретіндегі ең үздік жұмыс деп танылды.

Фото: TopRE.ru
Петровтың өзі тренері жайлы: «Анатолий – біздің хоккейді әлі күнге дейін алға жетелеп келе жатқан жолға салып кеткен адам» - деп, айтып кеткен болатын.
Спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін Владимир Петров жаттықтырушы қызметін атқарып, ал 1992 жылы Ресейдің хоккей Федерациясын басқарған болатын. Ал 1993 Ресей командасы Әлем чемпионатында алтын алып, керемет нәтиже көрсетті. Бұл нәтижені Ресей құрамасы тек 15 жыл өткеннен кейін ғана қайталай алды.
«The Qazaq Times»












                                                        





                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                    
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                    
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                    
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                    
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                    
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау