Жапония премьер-министрі Шиндзо Абе бүгін (9 ақпан) АҚШ сапарына аттанды. Бірер күн бұрынғы хабарланғанымыздай, Абэ АҚШ президенті Доналд Трамппен баянды келіссөз жасауға үміткер. Ақүйдің оған қандай қонақжайлық көрсетері белгісіз. Десе де, сарапшылардың көбі АҚШ-Жапония қарым-қатынасы тың деңгейге көтеріледі деп отыр.
Жапон үкіметі мен жергілікті БАҚ өз басшыларының бұл сапарын барынша дабыра етуде. Шиндзо Абенің басқан-тұрғанын қалт жібермей аңдып отыратын қытайлық БАҚ-тың қызғынды тақырыбы да осы сапар. АҚШ-тың Қытайға қаратқан қабағы салқын тартқаннан бері, Жапониямен қарым-қатынасы қоюлай түсті. Соған байланысты, қытай ақпарат құралдарында Жапония мен АҚШ-ты сынап-мінеуі дағдыға айналды.
Жапон бас уәзірі (премьер-министрі) Шиндзо Абе бұл кездесуде Трамп үкіметін өзіне тарту үшін, жапондық компанияларды АҚШ-қа инвестиция салуға шақырып қойды. Алайда қытай сарапшылары Трамп Жапонияның сауда жүйесі, ақша және қауіпсіздік шығындарын сынға алады деп отыр. Олардың ойынша бұл тұрғыда Жапонияның Трампқа ұнамайтын ұстанымдары көп екен.
Ал Германия БАҚ-ы Шиндзо Абемен жасап жатқан сауда-әріптестік қадамдарын Трамптың құрған тұзағы деп отыр. Себебі, АҚШ-тың 8 ақпанға дейін бөлген сыртқы сауда балансында Жапония салмағы Германияны басып озды. Алайда, бұл үш жылдан кейін немесе одан бұрын екінші реткі сауда-тапшылығын тудыруы бек мүмкін. Жапония сауда тарауларын алаңдататыны да осы мәселе. "Жапонның ат-атақсыз кәсіп отындарының бәрі Тармп сынды арыстанның азуына түсіп кетпек" дейді герман ақпарат құралдары.
“The Qazaq Times”