АҚШ-пен қатар Британия да Украинаға алыстан соққы беретін қарулар жеткізбек. Ағылшын мемлекетінің қорғаныс министрі Бен Уоллестин Украинаға М270 реактивті жүйесін беретіндерін жеткізді. Бұл онсыз да нашар күйдегі ағылшын-орыс мәмілесін тіпті де шиеленістіріп жіберуі мүмкін. Бұның алдында АҚШ та Украинаға алыс аралықты соққы беруші зымыран қаруларын берген болатын.
Британия беретін М270 реактивті жүйесі Ресейдің агрессиялық әрекеттерінен қорғануда Украинаға зор қолғабыс ететінін Уоллестин мәлімдемесінде айтқан еді. Алайда, аталмыш қарудан қаншауы Украинаға жеткізілері анық емес. BBC өз ақпарат көздеріне сүйне отырып алғашқы адымда 3 дана M270 жүйесі жеткізілетінін жазды.
Аталмыш реактивті соққы жүйесі 80 шақырым алысқа дейінгі нысанаға дәл соққы жібере алады. Бір ретте 12 зымыран ұшыруға қабілетті. Бұндай алыс және дәл соққы жасайтын артиллерия қазіргі Украина армиясында кем де кем.
Соңғы уақытта Ресей Донбасс аймағында бірқатар жетістікке жеткендей болды. Северодонецк қаласын иелеуде Ресей өзінің ауыр артиллериясының күшіне көбірек сүйенгенін әскери эксперттер айтып жатыр. Ал, Батыс елдерінің Украинаға алыс аралықты соққы беруші қаруларын беруін Мәскеу елемей қалған жоқ. Өткен аптада ғана Путин Батыс елдері мұндай алыстан соққы беруге қабілетті қарулар беретін болса, онда Ресей соққы нысандарын кеңейтетін болады деп қорқытты.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау