114 мемлекет көшбасшылары мен 80-нен астам елдің сыртқы істер министрлері 24-30 қыркүйек арасында БҰҰ Бас Ассамблеясының саммитіне қатысып, жаһандық мәселелерді талқыға салмақ. Халықаралық 74-ші сессияда АҚШ-тың Иран және Венесуэламен байланысы, Ресей мен Украина диалогы, Солтүстік Корея және ядролық келісім сынды тақырыптар аясында дебат өткізіледі.
Аталған сессияға қатысушы мемлекеттер қатарында АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея, Украина, Қазақстан, Венесуэла, Ливия және Ирак елдері бар.
24 қыркүйекте басталатын сессияның алғашқы күні БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, Нигерияның БҰҰ-дағы өкілі Тиджани Мұхаммед-Банде сөз сөйлемек. 1946 жылы Бас Ассамблеяның алғашқы сессиясында бразилиялық Луис Мартинс де Соузаның бірінші болып мәлімдеме жасауына байланысты биыл да мемлекеттерден бірінші болып Бразилия басшысы дебат жүргізеді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп екінші болып мәлімдеме жасайды.
Аптаның негізгі тақырыптары ретінде мемлекеттер арасындағы қақтығыс, дипломатиялық байланыс, ядролық қару және өзге де халықаралық мәселелер талқыға салынады. Бірінші кезекте АҚШ пен Иран қарым-қатынасы ортаға салынып, екі ел басшылары Трамп мен Хасан Руханидің ресми кездесуі ұйымдастырылмақ. Жақында Рухани Теһранның Уашингтонмен келіссөздер жүргізбейтінін айтқаннан кейін, қос ел басшылары арадағы қақтығысты бетпе-бет талқылаған жоқ.
БҰҰ-да КХДР мәселесіне де ерекше назар аударылмақ. АҚШ пен КХДР диалогы аясында бірқатар сарапшылар Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның Нью-Йоркке келуі екіталай дейді. Дегенмен, сессияның екінші күні КХДР-дің зымыранды ұшыруы, ядролық келісімге арналған.
Сессияның келесі күні яғни 23 қыркүйекте әлемдік көшбасшылар, үкімет мүшелері, қаржы топтары, бизнес және азаматтық қоғам өкілдері бас қосқан «Ғаламдық жылыну және климаттың өзгеруі» тақырыбында жекелеген саммит өтеді. Бұл бастама Париж келісімін жүзеге асыруға бағытталған.
2018 жылы қыркүйекте БҰҰ төрағалығына АҚШ сайланып, Дональд Трамп Кеңес отырысын екі рет басқарған болатын. Алдағы уақытта Ресей БҰҰ тарабымен жоғары деңгейдегі екі кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Яғни биыл БҰҰ төрағалығы Мәскеуге тапсырылуы мүмкін.