Құқық қорғаушылар батыс елдерінен Гүлнара Кәрімованың бұғатталған қаржысын Өзбекстанға қайтармауды сұрауда.

Жақында Өзбек-неміс адам құқықтарын қорғау форумының сайтында бір топ өзбекстандық құқық қорғаушылардың батыс елдеріне арналған ұсынысы жариялады. Онда белсенділер экс-ханшайым Гүлнара Кәрімова активтерін АҚШ, Швейцария, Бельгия, Франция, Ұлыбритания және Люксемюург елдеріне Өзбекстанда адам құқықтары мен жемқорлыққа байланысты нақты реформалар жүзеге аспайынша ресми Ташкентке бермеуді сұраған.

Қазіргі таңда Гүлнара Кәрімованың Еуропада бұғатталған активтері 1 миллиард долларды құрайды.

Гүлнара Кәрімованың үстінен қылмыстық іс 2015 жылы қозғалған. Дәл осы жылы Ташкент қалалық соты оны "аса ірі көлемде қаржы жымқыру", "бопсалау", "салықтан жалтару" айыптары бойынша кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырған. 2017 жылы шілдеде Өзбекстан Бас прокуратурасы Гүлнара Кәрімованың үстінен тағы бірнеше қылмыс бойынша іс қозғалғандығын мәлімдеді. Өзбекстан ресми органдарының мәлімдемесінен кейін оған тиесілі әлемнің 12 еліндегі банк шоттары мен жылжымайтын мүліктері бұғатталған. Кәрімоваға қарсы екі қылмыстық іс бойынша мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 2 млрд доллар.

"The Qazaq Times"