Иран АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоны ел аумағына кіргізбей қойды.
Шілде айның 29-ы күні Майк Помпео өзінің «Twitter» парақшасында Иран билігіне шағымданды. Помпеоның сөзінше, ресми Теһран оны ел аумағына кіргізбей қойған.
«Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф АҚШ-қа емін-еркін келіп, қалаған сөзін айтады. Мені ел аумағына кіргізбейтіндей Хаменей режимінің жұмыстары соншалықты нашар ма? Оның халқы сүзгіден өтпеген, ашық шындықты естісе не болады?» - деп мәлімдеді Помпео.
Естеріңізге салайық, Дональд Трамп әкімшілігі Теһранмен арадағы ядролық келісімнен шығып, Иранға қарсы санкция салған. Қазір Парсы шығанағындағы саяси жағдай бұрын соңды болмаған дәрежеге жеткен. Екі ел әскери қақтығыстың алдында тұр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?