АҚШ-та Пентагонның жаңа басшысы таныстырылды. Сенаттың қолдауымен АҚШ қорғаныс министрі лауазымына Марк Эспер келді.
Ақ үйде өткен салтанатты рәсімде Марк Эспер Құрама Штаттың жаңа қорғаныс министрі ретінде таныстырылып, Жоғарғы соттың судьясы Самуэль Алито одан ант қабылдады. Енді Эспер қарамағында 1,3 миллион әскері бар арнайы құрамды басқарады.
Fox news мәліметі бойынша, Эспер Парсы шығанағында Ирак аумағындағы соғысқа қатысқан. Тұрақты әскерде 10 жыл және Ұлттық гвардия мен армия резервінде 11 жыл қызмет еткен ол 2017 жылдан бері Сенаттың қолдауымен АҚШ-тың құрлықтағы күштер министрі қызметін атқарып келді.
Биыл маусымда Пентагонның уақытша басшысы Патрих Шанахан өз еркімен отставкаға кеткен. Кейіннен бұл орынға Дональд Трамп Эсперді ұсынған болатын. Негізінен аталған лауазымға Ақ үй әкімшілігі желтоқсаннан бері басшы іздеп келген.