Капитолийдегі қақтығыстан кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілген Уашингтонда ұлттық гвардия 23 мамырға дейін қалатын болды. АҚШ Қорғаныс министрінің мәлімдемесін АВС сайты хабарлады.
Конгресс аумағында 2,3 мыңға жуық әскер күзететін болады.
6 қаңтарда Конгрестің қарашадағы сайлау нәтижесін растау бойынша ортақ жиыны өтуі керек болған. Жиын басталған кезде АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамптың ашулы жақтастары конгресмендер отыратын Капитолий ғимаратына басып кіріп, терезелерін шақты, кеңселерді қоқысқа толтырды, полиция мен күзет қызметкерлерімен қақтығысып қалды.
Олардың мақсаты Конгрестің Джо Байденнің президент болып сайланғанын куәландыруға жол бермеу еді.
Бұл оқиғаны америкалықтар үреймен, әлемдік қауымдастық таңданыспен қабылдады.
Оқиға салдарынан төрт адам қаза тапты.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы