Еуроодақ АҚШ-ты тонап отыр.
Америка президенті Дональд Трамп 23 шілде күні жоғары сынып оқушыларымен өткен конференцияда Еуроодақпен арадағы сауда келісімдеріне байланысты мәлімдеме жасады. Онда ол Еуроодақ АҚШ-ты тонап отыр деп ресми Брюссельді айыптады.
«Бірқатар елдер бізді тонап отыр. Ал олардың кейбірі біздің одақтастарымыз. Олар бізді сауда-саттықта тонауда. Еуроодақ сауда байланысында Қытайдан да жаман. Олар бізді өлтіруде. Еуроодақ экономика саласында АҚШ-ты жеңу үшін құрылған. Ал біз оларды НАТО арқылы қорғаудамыз» - деп мәлімдеді Ақ үй басшысы.
Бұған дейін БАҚ беттерінде АҚШ-тың бірқатар Еуроодақ тауарларына кеден салығын салатындығы жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен салық салынатын тауарлардың көлемі артқандығы белгілі болаған. Мамыр айында Трамп Еуроодақтан баратын көліктер мен авто бөлшектерге салық салуды кейінге қалдырған.