Украинаның Жоғарғы радасына алдын ала нәтиже бойынша, бірінші рет қаранәсілді депутат Жан Беленюк сайланды. Ол "Халық қызметшісі" партиясы атынан өтті.
Алдын ала сайлау қорытындысы бойынша, Украина президентінің партиясы алда келеді. Бұл Беленюкқа депутат болуға мүмкіндік беріп тұр.
Беленюктің жасы 28-де, Киевте туған, анасы украин. Оның әкесі Руанда азаматы, 1994 жылы еліндегі азаматтық соғыс кезінде қаза тапқан.
Жан Беленюк саясатқа келмес бұрын спортшы болған. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен олимпиада ойындарына қатысып, күміс медаль иеленген.
Ол Еуромайдан оқиғасы алдында соншалықты патриот болмағанын айтады. Наразылық акцияларына қатыспаған. Бірақ экс-президент Петр Порошенкодан көңілім қалды дейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?