Кеше түн Украина үшін соғыс басталғаннан бергі ең ауыр түндердің бірі болды. Елдің ең ірі қалалары ауыр артиллериялық, зымыран және бомба шабулыдарына тұс болды.
Кеше кештен бергі Украинадағы оқиғалардың негізгілері мыналар:
- Ресей күштері Украинадағы ең үлкен екі қала – Харьков пен Киевке бағыттаған шабуылдарын еселеп үдетті.
- Зымыран және бомба шабуылдарынан ондаған бейбіт тұрғын опат болды.
- Херсон қалашығы ресейлік күштердің бақылауына өтіп кетті, оны Украина тарабы растады.
- Украинадан шығып кеткендер саны 600 мың адамнан асты. Бұл туралы БҰҰ мәліметі растайды.
- Беларусь Украинаға жақын шекарадағы әскерлерінің санын екі есеге көбейтті.
- Ресейдің Украинаның солтүстік бағытынан кірген күштері Киевке шоғырлана түскені байқалды.
Бұған қоса Украинаға қатысты болған мына оқиғаларды елеулілер қатарына жатқызуға болады:
- Еуропамен қатар Құрама Штаттар да Ресей ұшақтарына кеңістігін жапты.
- Boeing және ExxonMobil атты ірі копмпаниялар да Ресеймен аткекілін кесісті.
- «Ынтымақ жағдайы» сынды республикалық шарада АҚШ президенті Жо Байден сөзінің басым көп бөлігін Украина тақырыбына арнады. Ол Ресей президенті Путинді айыптай сөйлеп, «Украинада үлкен тосқауылға ұшырады», «есептен жаңылды» деп сынады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы