Украина халқы кезектен тыс Жоғарғы Рада депутаттарын сайлады.
Сонымен, Ұлттық экзитполдың көрсеткіші бойынша Парламентке халықтың 5 және одан да көп дауысын жинаған 5 партия өтетін болды. Дауыс беру қорытындысы бойынша Владимир Зеленскийдің «Халық кеңесшісі» партиясы – 43,9%; «Өмір үшін оппозициялық платформасы» – 11,5%; Петр Порошенконың «Еуропамен ынтымақтастық» партиясы – 8,9%; Юлия Тимошенконың Батькивщина «жалпыукраиналық бірлестік» партиясы – 7,6%; музыкант Святослав Вакарчуктың «Голос» партиясы – 6,3% дауысқа ие болды.
Экзит-пол жариялаған нәтижеден кейін Украина президенті Владимир Зеленский: «Бұл бізге деген сенім ғана емес, үлкен жауапкершілік. Соғысты тоқтатып, тұтқындағы украиндықтарды қайтару және жемқорлықпен күрес жолында еңбек етеміз. Украина халқына уәде еткен барлық заңдың бастамаларды міндетті түрде орындаймыз», – деді.
Украина халқы бұл жолы да 2014 жылғы парламент сайлауы сияқты пропорционалды-мажоритарлы сайлау жүйесімен дауыс берді. Оған 22 партия, 6 мыңға жуық кандидат қатысқан.
18 мамырда Украина президенті Жоғары Раданы тарату туралы жарлық қабылдаған болатын. Зеленский командасы Жоғарғы Раданы мерзімінен бұрын таратуды Парламент коалициясындағы депуттатардың аздығымен түсіндірді. Бұған дейін коалицияны «Самопомощь» және «Батькивщина» партиялары тастап кеткен. Қазіргі уақытта Парламентте «Петр Порошенко блогы» мен «Халық фронтының» 226 депутаты бар. Бұл саны жағынан Парламенттің жартысы ғана.