Түркіменстан президентін өлді деп хабар таратқан саясаттанушы кешірім сұрады.
Еуразия мәселелерін зерттеу орталығының директоры Аслан Рубаев президент Құрбанқұлы Бердімұхамедов пен Түркіменстан халқынан кешірім сұрады. Ол өзінің Facebook парақшасына: «Президенттің отбасы мен туыстарынан және барша Түркіменстан халқынан кешірім сұраймын» - деп жазды.
Естеріңізге салайық, Аслан Рубаев «Говорит Москва» радиосына берген сұхбатында Түркіменстан президентінің көз жұмғандығы жөнінде айтқан. Осыдан кейін әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде Құрбанқұлы Бердімұхамедовтың жұмбақ жағдайда қайтыс болғандығы жөнінде ақпараттар тарай бастаған. Кейіннен Түркіменстан дипломаттары бұл ақпараттардың шындыққа жанаспайтындығын айтып, мәлемдеме жасаған.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап